«ҚАРТТАРЫМ — АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»
30 қыркүйек күні «Алтын дән» балабақшасының музыка залында «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.
💐 Іс-шараның басты мақсаты – үлкенге құрмет көрсету, қарттардың қоғамдағы орнын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау.
Мерекелік кеш барысында балабақша педагогтері әсем әндерін шырқап, мың бұралған билерін билеп, балапандарымыз жүрекжарды өлеңдері мен жылы лебіздерін арнады. Әрбір өнер нөмірі үлкендерге деген құрмет пен сүйіспеншіліктің жарқын көрінісіне айналды.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, қазыналы қарттарымыздың ғұмыры ұзақ, дендері сау, көңілдері шат болсын! Әр шаңыраққа береке мен бірлік тілейміз!
Қарттарымыз аман болсын, ақ баталары ортаймасын!