«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Бала өмірінің күн тәртібі

                                                                                                                                                Күлкімен өткен әр бір күн жарық (баланың эмоционалдық жағдайы)

Балалық шақ — адам өмірінің ең пәк, ең жарқын және қайталанбас кезеңі. Осы кезеңде баланың жан дүниесі таза парақ секілді, оған қандай түспен сурет салсаң, болашақта сондай тұлға қалыптасады. «Күлкімен өткен әрбір күн жарық» деген сөз баланың эмоционалдық жағдайының қаншалықты маңызды екенін айқын аңғартады. Баланың шынайы күлкісі мен қуанышы — оның психикалық және физикалық саулығының басты көрсеткіші.Баланың көңіл-күйі мен эмоционалдық жағдайы оның жан-жақты дамуына тікелей әсер етеді. Бала өзін қауіпсіз, сүйікті сезінген кезде қоршаған ортамен еркін қарым-қатынас жасап, жаңа нәрсені қызығушылықпен қабылдайды.Кішкентай қуаныш – үлкен қолдау.
Күнделікті қарапайым әрекеттердің өзі баланың көңіл-күйін көтереді:

 

 

 

 

 

 

Баланың аты-жөні: ____________________________________ 

Ата-ананың аты-жөні:___________________________________

«Бала өмірінің күн тәртібі»

Сауалнама сұрақтары

1. Балаңыз таңертең әдетте нешеде оянады?

☐ 06:30–07:00

☐ 07:00–07:30

☐ 07:30–08:00

2. Балаңыз кешке нешеде ұйықтайды?

☐ 21:00–22:00

☐ 22:00–23:00

☐ 23:00-ден кейін

3. Балаңыздың ұйықтау уақыты күн сайын бірдей ме?

☐ Иә

☐ Көбіне

☐ Жоқ

4. Балаңыз күндіз ұйықтай ма?

☐ Иә, күн сайын

☐ Кейде

☐ Жоқ

5. Балаңыздың тамақтану тәртібі тұрақты ма?

☐ Иә

☐ Кейде өзгереді

☐ Жоқ

6 Балаңыз күн сайын таза ауада серуендей ме?

☐ Күн сайын

☐ Кейде

☐ Сирек

7. Балаңыздың күнделікті қимылды ойындарға уақыты жеткілікті ме?

☐ Иә

☐ Жартылай

☐ Жоқ

8. Балаңыз теледидар, телефон немесе планшетті күніне қанша уақыт қолданады?

☐ 30 минутқа дейін

☐ 30 минут–1 сағат

☐ 1–2 сағаттан көп

9. Ұйықтар алдында балаңыз телефон немесе планшет қолдана ма?

☐ Иә

☐ Кейде

☐ Жоқ

10. Балаңыз өздігінен киіне ала ма?

☐ Иә

☐ Көмек қажет

☐ Толықтай ата-анасы көмектеседі

11. Жеке бас гигиенасын орындауда дербестігі қандай?

☐ Толық дербес

☐ Кейде көмек қажет

☐ Үнемі көмек қажет

12. Балаңыздың күн тәртібінде сізге ең қиын болып отырған мәселе қандай?__________________________________________________________________________

13. Балаңыздың ұйқысына байланысты қиындықтары бар ма?

☐ Ұйықтауы қиын

☐ Түнде жиі оянады

☐ Таңертең оянуы қиын

☐ Қорқыныш/мазасыздық байқалады

☐ Қиындық жоқ

14. Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?___________________________________________________________________________

 15. Сіздің ойыңызша, балаңыздың күн тәртібінде нені өзгерту қажет?___________________________________________________________________________

 16. Психологтан немесе тәрбиешіден қандай кеңес алғыңыз келеді?___________________________________________________________________________

Қорытынды Сауалнама нәтижесі баланың күн тәртібін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтауға және қажет болған жағдайда ата-аналарға жеке кеңес беруге мүмкіндік береді. Баланың ұйқысы, тамақтануы, белсенділігі, демалысы мен ойын уақыты өзара үйлесімді ұйымдастырылғаны маңызды.

 Ата-ананың қолы: ________                                                       Психолог: __________


Текст